Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 489 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке шот - субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші - мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - облыс басқармасы) немесе астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі - қала басқармасы) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
3) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi - тыңайтқыштарды өндіруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;